2025- 2026 оқу жылында «Жосалы орта мектеп- балабақшасы» КММ-нің ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы №26 бұйрығы және мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитетінің шешімімен бекітілген бірыңғай мектеп формасы сақталып қала беретінін хабарлаймыз.
1. Қыз балаларға классикалық стильде қою қара көк (тёмно-синий) юбка, сарафан, шалбар және ақ жейде (блузка) (қыздарға арналған юбкалардың ұзындығы тізеден жоғары болмауы керек, джинсы шалбар киюге рұқсат етілмейді)✅
2.Ер балалар формасына қою қара көк костюм,(тёмно-синий) шалбар, ақ жейде.✅(шалбар тобықты жауып тұру керек, джинсы шалбар киюге рұқсат етілмейді)
3.Шаш үлгісі талаптарға сай болуы керек. (ер балаларда қысқа шашты үлгіде)✅
4. Барлық қыз балаларына міндетті түрде ШАШ ӨРІЛГЕН ЖӘНЕ АҚ БАНТИК.✅ ( Барлық қыз балаларға ШАШТЫ БОС ЖАЙЫП ЖҮРУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ)
5. Гигиеналық талапқа сай шаш, тырнақтың таза, қалыпты болуы және қыз балаларға тырнақ бояуға рұқсат етілмейді.
6.Дене шынықтыру сабағына барлық 1-11 кластар үшін бір түсті ақ немесе қара футболка және қара түсті трико (шорты киюге тыйым салынады) міндеттеледі.✅
8. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға және жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.
Осы Ережелер мен талаптар бұзылған жағдайда ата-аналар (қамқоршылар мен заңды өкілдері ) шақырылады және шаралар қолданылады.
Мектеп әкімшілігінің тәртібін сақтау және талаптарын орындау үшін жалпы мектепішілік ата-аналар комитетінің төрағасы , мектептің Қамқоршылық кеңесінің өкілдерінің қатысуымен рейдтер жүргізілетін болады.
Рейдтік тексерулердің нәтижелері мектеп ішінде болады.
